Жұма, 03.05.2024, 07:06
Сіздің атыңыз Гость | Дәреже "Гости" | RSS

Бар ізгілік тек білімнен алынар,Білімменен аспанға жол салынар


Сайт мәзірі
қосымша бөлім
Сауалнама
Сайтқа баға беріңіз!
Всего ответов: 576
Көрсеткіш

Сайтта отқандар: 1
Қонақтар: 1
Тіркелгендер: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Қазақ тілі

Етістіктің шақтарын қайталау
 Күні:  
Сабақтың тақырыбы:Етістіктің шақтары
Білімділік мақсаты:Етістіктің шақтарынан алған білімдерін жинақтау, тиянақтау.
Дамытушылық мақсаты:Өз беттерінше салыстыру,ой қорыту, мысалдар арқылы көз жеткізу дағдысын арттыру,шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Тіліміздегі етістіктің шақтарының табиғатын терең түсіне отырып, орынды қолдана білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Қайталау
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап,Салыстыру,Сәйкестендіру,Тест,Топтастыру
Сабақтың көрнекілігі: Сызба,кесте, сурет,техникалық құралдар
Пәнаралық байланыс: Әдебиет, Ән,Бейнелеу өнері


                                               Сабақтың жүру барысы:
1.Ұйымдастыру бөлімі

2.Үй тапсырмасын пысықтау

157-жаттығу

Мұғалім сөзі: Бүгінгі сабағымыз ерекше сабақ.Өйткені етістіктің шақтарынан өткенді қайталап тақырып бойынша алған білімдерімізді көрсетеміз.Сабағымызды бөлімдер бойынша өз білімдеріңізді көрсетіп,білім шыңына шығуларыңызға тілектеспін.

  Біліміңді байқап көр

1.Етістіктің шақтары дегеніміз не?
2.Шақтың қандай түрлері бар?
3.Осы шақ дегеніміз не?
4.Нақ осы шақ қалай жасалады?
5.Қалып етістіктерінің ерекшелігі неде?
6.Ауыспалы өткен пен ауыспалы келер шақты ұқсастықымен айырмашылықтары қандай?
7.Келер шақ деген не?
8.Келер шақтың қандай түрі бар?
9.Келер шақ қалай жасалады?
10.Өткен шактың қандай түрлері бар?
  Тақтамен жұмыс
158-жаттығу
 Мәтінді оқу. Мәтінге ат қою «Партизан достарым » Шақтарды тауып түріне қарай ажырату
Бардым, жедел өткен шақ: кетеді ауыспалы өткен шақ:
Бердім жедел өткен шақ; қалыппын ауыспалы өткен шақ:
Тыңдайсың ауыспалы осы шақ: елестейді ауыспалы осы шақ
  Кім жылдам?
Берілген етістіктерді жекеше. көпше жіктеу
Алып келді
Келе жатыр
Оқытты
Күледі
Жылайды
Тыңдайсың
    Кітаппенмен жұмыс
 159-жаттығу Мәтінді оқып мазмұндау
  Шығармашылық тапсырма

Берілген сурет бойынша өлең немесе әңгіме құрау

.........................................................................ойнайды
.........................................................................тоймайды
...........................................................................................
........................................................................... алмады

  Болмасаң да ұқсап бақ

Кез келген затты немесе жан-жануарды, табиғат құбылыстарын қимыл іс-әрекет арқылы бейнелеу керек Бейнеленген іс-әрекет қай шақта тұрғанын айт

  Мақал-мәтел 
 
Мақал-мәтелдің жалғасын табу

1. Ақыл көпке жеткізер
.......................................

2. Анаға қарап қыз төсер
...............................................

3. Үй артына жар .....................

  Семантикалық кесте

  Етістік
 Осы шақ 
 Келер шақ 
 Өткен шақ
Асан мен Үсен ескі жұртта қалды +
Асан мен Үсен далада ойнады +
Балалар сабақ оқып отыр +  
Асан далада қалғанына жылады  
Оқушылар кеше сабаққа келмеді  
Арай қалаға бармақшы  
 Олар ертең қалаға кетеді  
Үсен Асанды жұбатып отыр  
Бәрінде ұмытып қалыппын  
Алыстан сағым елестейді  
Тест
Бағалау
Үйге тапсырма  
  «Кім болам?» «Мектептес достар» шығарма жазу


Категория: Қазақ тілі | Добавил: Bubek1 (15.04.2012)
Просмотров: 6443 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Сайтқа кіру
!здеу

Сайтты ашқан-Манас Идеятолла
Хостинг от uCoz