Жексенбі, 05.05.2024, 15:51
Сіздің атыңыз Гость | Дәреже "Гости" | RSS

Бар ізгілік тек білімнен алынар,Білімменен аспанға жол салынар


Сайт мәзірі
қосымша бөлім
Сауалнама
Сайтқа баға беріңіз!
Всего ответов: 576
Көрсеткіш

Сайтта отқандар: 1
Қонақтар: 1
Тіркелгендер: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Оқушылар шығармашылығы

Ата-анаңды ренжітпе!


  Осы әңгіме менің жүрегімнен еш уақытта кетер емес.Бұл әңгімені ескі кітаптан оқысам да,қағаз бетіне түсірем,бүгінгі жасөспірімге бірден-бір ақыл боларына кәміл сенемін.
  Мұхаммед пайғамбар Құдай Тағаламен сөйлеспек болып,Әзірейіл періштемен аспанға ұшады.Құдай тағала жету үшін жеті қақпадан өтеді.Бірінші қақпада жан-жануарлар бейнеленген.Ішіне кірсе,Иса пайғамбар жүреді.Жер-дүниеден көрмеген ғаламат жануарларды көреді.
  Періште:"Қорықпа,Мұхаммед,бұлар тиіспейді.Тек адам баласы бұларды шошытып алған,ал пайғамбарлар сені көру үшін әр қақпаның алдында тұр",-дейді.
  Екінші қақпадан бір үлкен періште көз жасы көл болғанша жылап отырады.Ол жер жүзіндегі қиянат жасаған адамдардың күнәсі үшін жыласа керек.
  Үшінші қақпада бір періште бірдеңе сызады,өшіреді.Бұл дүниеге келген –кеткен адамдардың аты-жөні болса керек.
  Төртінші қақпада бір періште жалындап қызған темір ұстаған.Тозаққа кірген адамдарды отқа салады деседі.
  Бесінші қақпаның бір жағы-күміс,бір жағы –алтын .айнала ұшқан періштелер.  
  Алтыншы және жетенші қақпаның арғы жағы құстар сайраған,жемістер піскен нағыз жұмақ болса керек.
  Періште:"Мұхаммед,мен әрі қарай бара алмаймын,барсам,екі аяғым күйіп кетеді",-дейді.
  Кенет Мұхаммед бір түнек ,бір жарық жерден өтіп,Құдай Тағаламен 12 мың шымылдырықтың арғы жағында сөйлеседі.Құдай Тағала: "Әр адамның ата-анасын сыйлағаны –мені сыйлағаны,жақсы көргені.Олар қайтыс болады,бауырлары қалады,оларға қызмет еткені – маған еткені,сонда олардың күнәлары кешіріледі ",-дейді.
  Біз бүгінгі жастар,ең алдымен ата-анамызды ренжітпеуміз керек.Қазақта:"Анаңды меккеге үш рет арқалап апарсаң да ақ сүті,мейірімділігі өтелмейді",-дейді.Олай болса,ата-анамыздыңкөңілін табайық,үнемі риза етуге тырысайық.  

   
Ғинаятова Райгүл


Категория: Оқушылар шығармашылығы | Добавил: Bubek1 (16.04.2012)
Просмотров: 1213 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Сайтқа кіру
!здеу

Сайтты ашқан-Манас Идеятолла
Хостинг от uCoz