Жексенбі, 05.05.2024, 15:25
Сіздің атыңыз Гость | Дәреже "Гости" | RSS

Бар ізгілік тек білімнен алынар,Білімменен аспанға жол салынар


Сайт мәзірі
қосымша бөлім
Сауалнама
Сайтқа баға беріңіз!
Всего ответов: 576
Көрсеткіш

Сайтта отқандар: 1
Қонақтар: 1
Тіркелгендер: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Оқушылар шығармашылығы

Ойлау қабілетін бағалау.

Мақсаты: зерттелушінің ойлау қабілетін тексеру.
Құрал-жабдықтар: әр біреуіне 4 сөзден тұратын 15 қатарға тізбектелген  
  сөздер жазылған бланка.
Нұсқау: алдымыздағы 4 сөздің үшеуі бір бағытта қолданылады, яғни, мағыналас сөздер. Сіздің мақсатыңыз - әр қатардағы артық бір сөзді белгілеу.
Қорытынды: дұрыс жауапқа -2 балл;
 дұрыс емес жауапқа -0 балл;
Кілті: 1.Кітап 6.Көбелек 11.Алма
 2.Майшам 7.Терек 12.Нан
 3.Көзілдірік 8.Мұғалім 13.Жидек
 4.Қайық 9.Шаң 14.Кеш
 5.Шеге 10.Жел 15.Ақанбаев
Көрсеткіштері:
 Ойлау қабілеті жоғары – 21-30 балл;
 Ойлау қабілеті орташа – 11-20 балл;
 Ойлау қабілеті төмен – 0-10 балл.
Ұсынылатын сөздер тезбегі:
1. кітап, портфель, чемодан, дорба;
2. ошақ, киросинка, майшам, электроплитка; 
3. сағат, көзілдірік , таразы, термометр; 
4. қайық, арба, мотоцикл, велосипед;  
5. ұшқыш, шеге, бал арасы, винтелятор;
6. көбелек, штанген, циркуль, қайшы, таразы;
7. терек, сыпырғыш, шанышқы, үстел;
8. ата, мұғалім, әке, ана;
9. жаңбыр, қар су, шаң;
10. су, жел, көмір, жел;
11. алма, кітап, сызғыш, дәптер;
12. сүт, қаймақ, ірімшік, нан; 
13. ақ қайың, қарағай, жидек, емен;
14. минут, секунд, сағат, кеш; 
15. Асқар, Бекет, Әділ, Ақанбеков; 
«Шығарма» ойыны
Мақсаты: ойын психологиялық бабайқағыштықты, байқампаздықты, дамытады.
Ойынға қатысушылар үйден бір – бірлері жайында ертегі немесе фантастикалық әңгіме түрінде шығарма жазып келу. Келесі сабақта әрқайсысы өздерінің шығармаларын оқиды, ал қалғандары кім жайында екенін табады. Топқа балалардың шығарма «батырын» тез табатынын, байқау ептілігін тексереді. Шығарманың көбісі бір адам жайында жазылғанды көрсетуі мүмкін.
Талқылау: бір адам жайында неге көбісі жазғандығын талқылайды: ол мүмкін қызық адам шығар. Кім жайында топта шығарма жазылмаса, бұл да жақсы тренинг болып саналады.
«Танысу» ойыны
Мақсаты: топта жұмыс жүргізу үшін жағымды ахуал орнату, қарым-қатнастық белсенді стилін және кері байланыс немесе алу тәсілін меңгеру.
-Алдымен танысайық, біз оны былай жасаймыз: дөңгелене отырып, сағат тілі бойвнша, кезек-кезек әр қатысушы өз атын және өзінің нақты (хоббиін) сүйікті ісін айтады. Екінші ойынды өзі туралы айтпас бұрын алғашқы адамның сөзін қайталап айту керек. Содан кейін өзі туралы айтады. Ал үшінші адам бірінші, екінші адамның айтқанын қайталап, содан соң өзі жайында хабарлайды. 
Ойын осылай жалғаса береді. 
Талқылау:
1. қай ойыншының есімі, сүйікті ісі есіңде жақсы сақталды?
2. несімен жақсы сақталды деп ойлайсын?
3. қай қатысушыны еске түсіру қиынға соқты?
4. не үшін қиын болды деп ойлайсын?
5. қатысушылардың сен есінде сақтай алуы қалай әсер етті?
Және т.б 

Өмірде жоқ жануар әдістемесі
 Мақсаты: бұл жоба тестісін жоғарғы сынып оқушыларының тұлғасын зерттеу үшін қолдануға болады. 
 Қажетті құралдар: жұмыс жасау үшін бір бет қағаз, жұмсақ қарандаш, түрлі түсті бояулар.
 Ескерту:автоқаламмен, фломастермен жұмыс жасауға болмайды. 
 Нұсқау: өмірде жоқ жануарды ойлап тауып, суретін салыңыз, оған ешкім естімеген ғажайыпат қойыңыз. 
Көрсеткіштер мен қорытындылау(интерпретациялау)
 Суреттің қағаз бетіне орналасуы-егер сурет қағаздың ортасын бойлай дұрыс орналасса, бұл қалыпты болып есептеледі. Егер сурет қағаздың жоғарғы жиегіне жақын орналасса, тұлға өзін жоғары бағалайды. Әлеуметтік ортадағы өз орны орны мен айналасындағылардың өзін мойындатуға тырысу. Егер қағаздың төменгі жағына орналасса, кері көрсеткіштер - өз дегеніне сенімсіздік. Өзіне деген бағасы төмен, өзінің әлеуметтік жағдайына немқұрайлық, өзін ортада көрсетуге ұмтылыстың жоқтығы. 
Фигуралар, орталық мағыналы бөлігі:
 Басы оң жаққа бұрылған: белгілі бір қызметке нақты бетбұрыс ойлағаны менжоспарлағаны түгелге дерлік орындалады не, тіпті, істі ойлаған мақсатына жеткізе алмаса да орындалмақ. Мақсатына жете алатын адам. 
 Басы сол жаққа бұрылған :ойлы тұлға, бұл адам іскер адам емес. Ойлағандарының азы ғана орындалса да қанағаттанады. Белсенді әрекеттен қорқып, қашқақтайтын кездері көп. Іс бастар алдында көп ойланады.
 Қарсы қараптұрған сурет: (эгоцентризм)- өзімшілдік, өзін өте жақсы көреді. Ісін орындау керек деген мақсат қояды. Пікірге не түсінікке қатысты өзінің бастапқы танымдық ұстанымын өзгерте алмайды. 
 Көздерге ерекше мән беріледі. Егер көздерін бояп тастаса-үрей, қорқыныш сезімі басым.
 Кірпігіне көңіл бөлсе, кірпіктен айналадағы әдемі заттарға, киім кию мәніне қатысын білдіреді. Өзін-өзі көрсетуге ұмтылады. 
 Құлақтар – жаңалыққа құмарлық, айналасындағылардың өзіне деген көзқарасын білуге ұмтылады. Құлақтар үлкен болса, басқа адамнвң пікіріне құлақ түретін адам. 
 Ауыз – егер ауыз ашық, тіл көрініп тұрса, сөзуарлықтың белгісі. Оған қосымша еріндер анық болса, сезімталдықтың белгісі. Кей уақытта екі белгі қатар көрсетілуі әбден мүмкін. Ерінсіз, тілсіз ашық тұрған ауыз ешкімге сенбейтін, қорқыныш пен қүдікке тез берілгіш адамнан хабар береді. 
 Денесіне сай келмейтін үлкен бас – сурет иесінің өзінің және өзгелердің табиғи қасиеті мен ой өрісін бағалай алатындығы жөніндегі мәлімет. Баста түрліше детальдардың кездесуі әбден мүмкін. Мысалы: мүйіз – қорғаныс, агрессия, сатықтың белгісі.
 Қауырсындар - өз-өзін әшкерлеуге, әдемілеуге бейім немесе өз-өзін ақтауға, көзге түсуге қүмар. 
 Жал, шаш, жүн – сезімтал өз жынысына көп көңіл бөлетін жан.
 Денесінен жоғары орналасқан бөлшектер(қанат, панцирь, бантик, гүл, қосымша аяқ, т,б) – қызақай еліктегіш, басқалардан ерекше көрінуге тырысатын адам.
 Функционалдық белгілер: аяқтары толық салынса, тірек болғанды ұнатады. 
 Фигура жиектері: жиектері қоюланып, бастырылып, үшкір бұрыштар мен берілсе, қорқыныш пен мазасыздық. 
 Кейбір детальдар(тікен, қанат) жоғары қарап тұрса, тым шектеулі көріп тұрған бала.
 Бұл детельдар төмен қарап тұрса, күлкіге қалмауға тырысады сөзден қашады,өзінен кіші қызметкелер арасында беделі жоғары.
 Жануар адамға ұқсас келсе – жануардың бейнелеуі (екі қолы орнында бірнеше аяқ) және жануадың терісі адамдардың киімі сияқты, мұрыны бет-аяғы немесе қолы, алақаны ұқсас болса – адамдардың мінез- құлқында бөбектік жасқа тән ерекшеліктер сақталғандығынан хабар береді. 
 Есімдерінің берілуі: салынған жануардың аты суретке байланысты болуы мүмкін. Мысалы: ұшқын қоян т.б. – бұл адам қандайда бір жағдайға бейімдегіш. Сондай-ақ, сөздік пайдаланған, кейбір латын жұрнағынан аяқталған сөздерді атап беруге болады. Мысалы: реболетиус – бір нәрсеге қарсылықты, келіспеушілікті , білімпаздықты көрсетеді. 
  Жасөспірімдік жасқа тән аттар, қайталама түріндегі атаулар (трутру, миммом,т.б) қиялдауға бейімдікті ұзақ сөйлемнен тұратын атау жиі сезіктену, қорғануды білдіреді. 
 
                                                                     Авторы:     Ғайни Сұлтанова





 

Категория: Оқушылар шығармашылығы | Добавил: Bubek1 (16.04.2012)
Просмотров: 3874 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Сайтқа кіру
!здеу

Сайтты ашқан-Манас Идеятолла
Хостинг от uCoz