Жексенбі, 05.05.2024, 17:19
Сіздің атыңыз Гость | Дәреже "Гости" | RSS

Бар ізгілік тек білімнен алынар,Білімменен аспанға жол салынар


Сайт мәзірі
қосымша бөлім
Сауалнама
Сайтқа баға беріңіз!
Всего ответов: 576
Көрсеткіш

Сайтта отқандар: 1
Қонақтар: 1
Тіркелгендер: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Оқушылар шығармашылығы

"Туған тілім -тірлігімнің айғағы"
Туған елім – тірлігімнің айғағы,
  Тілім барда айтылар сыр ойдағы,
  Өссе тілім, менде бірге өсемін,
  Өшсе тілім, мен де бірге өшемін! 
– деп , ақын Әбділдә Тәжібаев ағамыз жырлағандай тіл қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол достықтың кілті, ынтымақтастықтың бастауы, ырыс – берекенің алды, ұлттың әрі жаны, әрі ары. Тіл жай сөз емес, өмірдің талай сынынан өткен, өскелең талаптарға сәйкес өрістей түскен толыққанды ақиқат десек, жаңыла қоймаспыз.
 Тілсіз қоғамның қандай түрі болса да өмір сүре алмақшы емес, ол тілдің өзі қоғам бар жерде ғана пайда болып, өмір сүреді. Демек, қоғамнан тыс, бөлек тіл жоқ. Тіл – қоғамның жемісі. 
Тіл әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол – атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Тіл – таусылмайтын байлық. Қанша тіл білсең, өзгеден сонша кез биіксің. Дегенмен, алдымен туған еліңнің мемлекеттік тілін білуге міндеттіміз.
 "Тіл тағдыры – ел тағдыры” деп те айтып жүрміз. Сондықтан әр адам өз ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануының қандайына болса да қарсы тұруға тиіс. 
 Туған тілдің абыройын асқақтату - әрбір адамзаттың абзал борышы. Біздің барша ұлттық келбетіміз бен болмысымызды, салт -санамыз бен дініміз осы ұлттық мәдениет пен тілімізде жатыр. Тәуелсіз елдің елдің елдігі жас ұрпағын парасатты да білімді, іскер де қабілетті, отансүйгіш те ұлтжанды тұлға етіп қалыптастыруда мемлекетік тілдің атқаратын қызметі орасан зор. Егеменді ел болып, ес жиып, етек жия бастаған бұл күндері осындай ойға қонбайтын, солақай сорақыларды көбен көріп, қолмен ұстай отырып қазақ тілі мәселесі жөнінде толғанбай тұра алмаймыз. 
 
 Қазақ тілі - өте бай тіл. Ол шаруашылықтың бар саласын өркендете түсуге себепші күш, халқымыздың мәдени дәрежесін көтере беруші пәрменді құрал, жұртшылықты жаппай отаншылдық рухта тәрбиелеудің құралы, қуатты қаруы. 
Амал не, осындай әдемі туған тіліміз бола тұра өзге тілде сөйлейтіндер де көп болды. Тіпті туған тілден безетін сорақыларды да көргеніміз бар. Төл тілде сөйлеуден безу ақ сүт беріп, асыраған анаңды ұмытумен бердей. Осы кезде Паустовскийдің: "Туған тіліне жаны ашымаған адам – жәндік,” – деп, ашына айтқаны ойға келеді. 
 Ана тілін ұмытқан адам өз халықының өткенінен де болашағынан да қол үзеді.
 Ана тілі – ар өлшемі. Олай болса, тілді шұбарлау – арды шұбарлау, көңіл тұнығын лайлау. 
 Ұлттың мәдениеттің гүлденуі мен адамдардың тарихи қалыптасқан тұрақты қауымдастығы ретінде ұлттың өзінің болашағы ана тілдің дамуына, оның қоғамдық қызметінің кеңеюімен тығыз байланысты. Сондықтан туған тілге деген сүйіспеншілік бала кезеңнен басталуы тиіс. Айналаңды танып білу, туған тіліңді білуден басталады. 
 Дағыстанның әйгілі ақыны Расул Гамзатов: "Ертең туған тілім жоғалар болса, мен бүгін өлуге даярмын” – десе, орыстың атақты ақыны К.Р.Ушинский: "Ана тілі – халықтың өткен ұрпағын, қазіргі және келешек ұрпағын, тарихы бір тұтастық, мызғымас бірлік, ажырамас туыстық жағдайда мәңгілік біріктіретін ең сенімді құрал. Ана тіліміз арқылы ғана біз халқымызды, отанымызды танып білеміз, халық рухының сарқылмас бастауы да сонда жатыр. Ел – жұртымызды, туған жерімізді, оның өзен-көлдерін, оның бораны мен найзағайын ана тіліміз арқылы ғана қабылдап, соларға деген перзенттік махаббатымызды ана тіліміз арқылы жеткіземіз” – деген. 
 Олай болса бүгінгі таңда үлкен әріппен Елбасының өзі әлемдегі ең дамыған елу елдің қатарына қосылу міндетін қойып отырған кезде көп ұлттылығымызды тілге тиек ете бермей, мемлекеттік тілдің пәрменді дамуына көп болып ат салысып, осы бағытта бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара бірлесе жұмыс жүргізсе деймін. Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Ол осы елде өркендеп, дамуы тиіс. Оны осы елдің әрбір азаматы көзінің қарашығындай қорғап, мәртебесінің биіктеуіне барынша үлес қосу міндетті.
 Әрине, бұл күрделі де күрмеулі қиын мәселе екені түсінікті. Алайда, қай кезде де елдік, елдің тұтастығы мен бірлігін сақтау жайлы біздің ата-бабамызға да оңай болмаған. Ал тіл мемлекетің ең қымбат қазынасы екенін ескерсек, мұның маңыздылығы мен құндылы арта түседі.

                                                                             Эльназ Ержанқызы
Категория: Оқушылар шығармашылығы | Добавил: Bubek1 (16.04.2012)
Просмотров: 25884 | Комментарии: 11 | Рейтинг: 3.9/56
Всего комментариев: 111 2 »
11 Ердаука  
0
Мен казакпын мын олип мын тирилген хэй

10 рамазан  
0
маған туған тілім деген шағын әңгіме құрау

9 ақгүл  
0
өте қатты ұнады, шығармашылық табыстар тілеймін

8 ару  
0
орташа жазылган

7 рауан  
0
спс

6 Aidana  
0
көптен-көп рахмет!!!

5 Ералхан  
0
оте кушты және әсерлі

4 раушан  
0
бытшыт екен

3 жанерке  
0
көп көп рахмет өлең шумағымен жазылған жолдары қатты ұнады

2 Ария  
0
коп коп рахмет

1-10 11-11
Имя *:
Email *:
Код *:
Сайтқа кіру
!здеу

Сайтты ашқан-Манас Идеятолла
Хостинг от uCoz