Жексенбі, 05.05.2024, 14:18
Сіздің атыңыз Гость | Дәреже "Гости" | RSS

Бар ізгілік тек білімнен алынар,Білімменен аспанға жол салынар


Сайт мәзірі
қосымша бөлім
Сауалнама
Сайтқа баға беріңіз!
Всего ответов: 576
Көрсеткіш

Сайтта отқандар: 1
Қонақтар: 1
Тіркелгендер: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Оқушылар шығармашылығы

Сыбызғының сиқыры.

    Баяғы заманда орманда бір жетім бала өмір сүріпті.Ол кедейлікпен қатар жетімдіктің де азабын тартып, қиналып жүргенімен ормандағы аңдармен жанындай дос еді. Бірақ бала өзінің осындай тамаша достарымен әдемі жерде тірлік етіп жүргеніне риза еді.Бір күні балық аулап отырған баланың қармағына үлкендеу балық түседі.Қуанғаны сондай, лашығына әкеліп сойып алады. Әлгі балықтың ішінен таяқша пішінді бір нәрсе шығады.Аң-таң болған ол,таяқшаны достарына яғни аңдарға көрсетіп былай дейді:
 -Достарым, егер де бұл сиқырлы таяқша болса, мен өзім сияқты қиналып жүрген адамдарға қалаған нәрсесін жасатар ем?!
  Арада осылайша тура үш ай өтеді. Таяқшаны мойнына іліп алған баланы кенет жабайы, белгісіз мақұлық қуа жөнеледі.Бала таяқшаны аузына салып алып жүгіріп барып ағашқа өрмелеп шығып алады. Сол сәтте түсініксіз дыбыстың шыққанын байқап қалады.Ол өзінің аузындағы таяқшадан бала қатты шыққан дыбыс еді.Дыбыстың әсерінен мақұлық қашып кетеді.Ол бұл нәрсенің сыбызғы екендігін сонда ғана түсінеді.Әрі сиқырлы екенін біліп, оны жөнсіз ойнай бермейді.Бала кешкісін жалтылдаған әдемі жұлдыздарға қарап жатып:
-Шіркін, бұдан да әдемі өмір бар ма екен, болса сондай ғажап өмірге айналып кетсе ғой дүние,-деп сыбызғыны ойнайды. Сол-ақ сәтте бүкіл дүние өзгеріп сала береді.Мүлде өзге заман.Бала зәулім сарайлар мен керемет ғимараттарды аралайды.Өзі танитын адамдардың барлығы жаңаша, кереметтей өмір бастап кетіпті.Бәрі де жеткілікті.Аспанға ұшуды өзі сондай армандаған еді.Енді Байқоңырға барып, адамдардың аспан әлеміне саяхат жасап жатырғанын көріп қатты қуанады.Тағы біраз жүріп компьютер клубына кіріп, өз тәрізді балалардын мәз-мейрам екендігіне куә болады.Аспаннан ақша жауған күн туды.Әрине, ақша жаумаса да бәріне жеткілікті, мүгедек балаларға көмек көрсетілуде.
  Кенет қуанғаннан шошып оянды.Оянып кетсе, мұның бәрін ол сыбызғының арқасында жүзеге асырғысы келген арманы екен.

Халихова Айдана


Категория: Оқушылар шығармашылығы | Добавил: Bubek1 (16.04.2012)
Просмотров: 1178 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Сайтқа кіру
!здеу

Сайтты ашқан-Манас Идеятолла
Хостинг от uCoz