Сенбі, 11.05.2024, 07:55
Сіздің атыңыз Гость | Дәреже "Гости" | RSS

Бар ізгілік тек білімнен алынар,Білімменен аспанға жол салынар


Сайт мәзірі
қосымша бөлім
Сауалнама
Сайтқа баға беріңіз!
Всего ответов: 576
Көрсеткіш

Сайтта отқандар: 1
Қонақтар: 1
Тіркелгендер: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Психолог

Бала зейінінің тұрақсыздығын зерттеу.
Бала зейінінің тұрақсыздығын зерттеу.
  Кейбір балалар табиғатынан өте белсенді, тым қозғалғыш,беймаза, көңіл – күйі тұрақсыз болып келеді.Мұндай өзгерістерді психология тілінде зейін тұрақсыздығы белгісі деп атайды.Мектепке енді баратын балалардың ішінде осы мінез – құлықтың бұзылуы жиі кездесетіні байқалады және қыз балаларға қарағанда ер балалардың арасында көбірек кездеседі.
  Психологтар зейін тұрақсыздығының бірнеше клкиникалық белгілерін, айқындап отыр.Әдістеме клиникалық көрсеткіштерге негізделгенімен,олар белгілі бір нормативтік көрсеткіштерді алуға негіз болмайды.Диагностика бақылау тәсілімен жүргізіледі. 
Педагог мынадай белгілерге назар аударуы керек: 
1. Аяқ пен қолдың тынымсыз қозғалысы.Бала орындықта отырғанда бүгіліп,бүрісіп отырады.
2. Қажет болған жағдай да,бір жерде тыныш отыра алмайды.
3. Басқа нәрселерге лезде көңілі аударып кетуі.
4. Ұжымда әр түрлі жағдай мен ойын кезінде,өз кезегін күте алмауы,шыдамсыздық таныту.
5. Сұрақты аяғына дейін тыңдамай, ойланбастан жауап беру.
6. Берілген тапсырманы орындау кезінде қиындықтарға (оғаш мінез – құлық немесе жеткілікті түсінбеуіне байланысты қиындықтардан басқа) тап болуы.
7. Тапсырманы орындау барысында,ойын кезінде бала назарын бірден аудара алмауы.
8. Бір әрекетті аяқтамастан екінші әрекетке көшу жиілігі.
9. Ойын кезінде тыныштықты сақтай алмауы.
10. Көп сөзділік.
11. Өзгелерге бөгет жасау.
12. Баланың өзіне қаратыла айтылған сөздерді жиі елемеуі.
13. Үйдегі,мектептегі өзіне қажетті (ойыншықтарды, кітап,қарындаштар, т.б.) заттарды жиі жоғалтуы.
14. Ойланбастан қауіпті әрекеттерге баруы.Бұл әрекет баланың жаңа бір әсер алайын дегенінен туындамаған (мысалы,көшеде жан – жағын бағдарламастан автомобильдің жолын кесіп жүгіріп өте шығады) 
Осы көрсетілген 14 белгінің бала бойында ең кем деген де 8 – і кездеседі. Мінез – құлықтағы бұл ауытқушылықтардың алдын алмаса, баланың болашақта оқудағы үлгермеушілігіне,өзгелермен қарым – қатынаста ортақ тіл табыса алмауына әкеліп соғады.

Категория: Психолог | Добавил: Bubek1 (16.04.2012)
Просмотров: 2230 | Рейтинг: 1.5/2
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Сайтқа кіру
!здеу

Сайтты ашқан-Манас Идеятолла
Хостинг от uCoz