Сенбі, 11.05.2024, 11:54
Сіздің атыңыз Гость | Дәреже "Гости" | RSS

Бар ізгілік тек білімнен алынар,Білімменен аспанға жол салынар


Сайт мәзірі
қосымша бөлім
Сауалнама
Сайтқа баға беріңіз!
Всего ответов: 576
Көрсеткіш

Сайтта отқандар: 1
Қонақтар: 1
Тіркелгендер: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Психолог

Діни ағымдардан сақтандыру жолдары

    Қазіргі таңда діни ағымдардың іс - әрекеттерін, қызмет бағыттарын дер кезінде анықтап, олардың әсерінен халқымызды сақтандыру, қорғау басты мақсатымыз болып отырғаны анық. Олай болатыны, түрлі діни ағымдар проблемасы біздің қоғамымыз бен мемлекетіміздің бірігіп атқаратын кезекті мәселесіне айналып отыр. 
Кез-келген мемлекет өзінің саяси, экономикалық дамуын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін замана талабына сай заңдарына өзгертулер мен толықтырулар енгізіп отырады. Солар секілді Қазақстан да халықаралық стандарттар мен ел Конституциясына сай келетін либералды бағыттағы заңдарды қабылдауда. Көпшілік мұны құп алып отыр. Әрине, сынаушылар да көп. Әртүрлі ұйымдар, қозғалыстар және тұлғалар өздерінің ой-пікірлері мен көзқарастарын айтуда. Бұл түсінікті жағдай. Қазақстан көпұлтты және көпконфессиялы, бірақ Ата заңымызда жазылғандай «унитарлы» мемлекет. 
  Міне, ҚР-ның «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер мәселелері жөнінде Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгертулер мен толықтыруларды енгізу туралы заң жобасы осы парадигма бойынша жасалды. Қазіргі таңда дүние жүзінде көпдінділік құбылысы белең алып, олардың уақыт өткен сайын дамуы, қанат жаюы және бет-бейнелерінің заман ағымына сай үнемі өзгеріске түсіп отыруы, іштей бөлшектенуі немесе бірігу процестері орын алуда. Өз кезегінде, аталмыш құбылыс халықаралық қарым-қатынастардың күрделенуіне, тіпті қарулы қақтығыстар мен қантөгістерге әкеліп соқтыруда. Олай болса, Қазақстан республикасы да әлемдік қауымдастықтың белсенді мүшелерінің бірі ретінде, бұл процеске лайықты жауап қайтаруға дайын болуға тиіс.  
Еліміздегі діни ағымдардың таралу географиясына көз салсаңыз, қазақ жерінің көптеген аймағы дәстүрлі емес діни ағымдардың шырмауында қалғанын аңғарасыз. «Кришнаны тану қоғамдастығы», «Ахмадия жамағаты», «Бахаи сенімі», Хаббард іргетасын қалаған «Дианетика ілімі», «Иегова куәгерлері», «Муна қауымдастығы», «Чри-Чинмое», «Таблиғи-жамағат», «Боз гурт» «Алла-аят», «Хиз-ут-Тахрир», «Талибан» қозғалысы», «Мұсылман бауырлар» ұйымы, «Шығыс Түркістан Ислам» партиясы, «Өзбекстанның Ислам қозғалысы», тағы басқа толып жатқан ағымдар қазақ жерінде тамырын тереңге жіберіп жатқан жайы бар. Олардың көпшілігіне Қазақстан аумағында әрекет етуге сот шешімімен тыйым салынған. Осы айтылған проблемаларды шешу әруақытта адамның діни сенім бостандығы құқын қамтамасыз ететін мәселелермен ажырамастай байланыста болуы керек екенін ескерген абзал. Бұл мәселе күн сайын ішкі саясатта да, сондай-ақ мемлекетаралық қатынаста да ерекше маңызға ие болып отыр.
Біз мысалға келтірген дәстүрлі емес діни ағымдардың көздеген мақсаты — үкімет билігіне көз жеткізу және халық арасында өз діндерінің үстемдігін орнату. Осы мақсатта олар жеке адамдардың діни наным-сеніміне нұқсан келтіріп, көптеген отбасыларға іріткі салады. Адамдардың өзіндік «МЕН»-ін жоғалтып, тобырға айналдыруға тырысады. Түптеп келгенде бұл тұтас мемлекет пен халықтың тұрақтылығына қауіп төндіретін құбылыс екендігін естен шығармаған жөн. 
Түрлі діни ағымдардың жетегінде кету арқылы отбасын ойрандатып, қоғамды шулатып, тыңшылық, экстремистік, террорлық іс-әрекет жасап, мемлекеттің ішкі қауіпсіздігіне орасан зиян тигізуі әбден мүмкін. Сонымен қатар, дамыған немесе даму үстіндегі тыныш жатқан бір елді тоқырауға жіберудің бір тәсілі түрлі діни ағымдар арқылы қоғам ішінде іріткі тудыру. Мәселен, ислам әлемі¬нің тарихына қарасақ, дұш¬пандары май¬данда жеңе алмаған соң мұ¬сыл¬мандарды әл¬сірету үшін түрлі теріс ағым¬дарды қолдан жасап, мұ¬сыл¬ман жамаға¬тын дүрда¬раз етіп, ын¬ты¬мақ пен бірлікті ыды¬¬ра¬тып, мемлекетті әлсіреткен. Мемле¬кеттің бола¬ша¬ғы білім мен ғылымға, экономика мен көреген саясатқа байланысты. Ал діни ағымдар білім мен ғылымға қарсы. Алдыңғы қатардағы оқып жүрген студент дін атын жамылған топқа кірген бойда оқуы нашарлап, тіпті тастап кетіп жатады. Себебі, оған мемлекеттің болашағы қажет емес. Болашақ жастардың қолында олай болса, діни ағымдар біздің бола¬шағымыз деп үміт артып отырған жастары¬мызды өз қатарларына тартумен келешекке қауіп төндіруде. Олардың жетегіне кеткен жастар елі¬міздің заңын құрметтемейді, әскерге бар¬майды, қолына қару алып отанын қорға¬майды, салты¬мыз мен мәдениетімізге немқұрайлы қарайтын болады. Бүгінде әлемдегі дінаралық кикілжіңдер мен қақ¬ты¬ғыстарға куә болудамыз. Әрине, 16 миллион халқы бар Қазақстанға 40 түрлі конфессия (дін) өте көп. Мысалы, соңғы уақыттарда кейбір отбасыларда әкесі бір дінді, баласы бір дінді, анасы бір дінді ұстанатын халге келдік. Қазақ отбасыларында кикілжің туа¬тын болса, әркім өз жақтастарын мәселеге ара¬лас¬тырып, арты бітпес жанжалға ұласып кетуі мүмкін. Осы жағдай уақыт өте келе дінаралық қақтығыс тудыруы мүмкүн. Дін атын жамылған ұйымдар қоғамды діннен, руханияттан алшақтату арқылы қоғамды дінге қарсы қояды. Жалған діндер дәл осылай еркінсіп білгендерін жасай берер болса, болашақта қоғамды діннен, руханияттан азарда-безер ететін халге жеткізеді. Діни ағымдардың әрекетіне күйінген халық дінге деген көзқарасы өзгеріп, дінсіздікке ұшырауы мүмкін. Мысалы, қазіргі кезде сақалды кісіні көрсе, ажы¬ратып жатпастан бірден уаһабшылар деп қорқады. Әрине, әрбір са¬қалды кісі уаһабшылар емес. Қоғам діннен, иман¬дылық¬тан ал¬шақ¬таса, рухани аз¬ғын¬дық басталады. Рухани азғындау қоғамның, ұлттың іштей ыдырауына, артынан жойы¬луына алып баратын негізгі фактордың бірі. Қорыта айтар болсақ, еркінсінген ағымдарға қоғам болып қарсы тұрып күреспесек, ертеңгі күні әттегенайлап қалуымыз мүмкін. Діни ағымдарға қарсы күрес тек бір ғана мешіт имамының міндеті емес, Отан баршамызға ортақ қасиетті мекен болғандықтан заң шеңберінде жұмыла кіріскен жөн.  



Категория: Психолог | Добавил: Bubek1 (16.04.2012)
Просмотров: 3468 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Сайтқа кіру
!здеу

Сайтты ашқан-Манас Идеятолла
Хостинг от uCoz