Сенбі, 11.05.2024, 11:59
Сіздің атыңыз Гость | Дәреже "Гости" | RSS

Бар ізгілік тек білімнен алынар,Білімменен аспанға жол салынар


Сайт мәзірі
қосымша бөлім
Сауалнама
Сайтқа баға беріңіз!
Всего ответов: 576
Көрсеткіш

Сайтта отқандар: 1
Қонақтар: 1
Тіркелгендер: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Психолог

Оқушының мамандық таңдауында ата-анасының маңызы.
                  Оқушының мамандық таңдауында ата-анасының маңызы.


Анықтама: Осы тест арқылы Сіздің, яғни ата – аналардың, балаңыздың мамандық таңдауындағы әсерлілігіңізді тексеруді мақсат тұттық. Сондықтан, сұрақтарды жақсылап оқып, «иә» немесе «жоқ» түріндегі жауаптарыңызды өтінеміз. Осылайша, Сіз, һәм бізге, һәм балаңызға жәрдем берген боласыз. Бастан рахметімізді айтып, іске сәт дейміз!

1. Баланың мамандық таңдауына мен өте көп көңіл бөлемін.
2. Баланың болашақтағы мамандығы тек қана өзі үшін пайдалы болуы керек.
3. Баламның болашақтағы мамандығы ата – анасы, жанұясы үшін пайдалы болуы керек.
4. Мен өзім қалаған мамандығымның иесі бола алмағандығым үшін, баламның сол мамандықты таңдауын қалаймын.
5. Біздің жанұямызда атадан балаға мирас қалған дәстүрлі бір іс болғандығын ешқандай мамандыққа жол берілмейді.
6. Баламның келешекте жетістікке жеткен адвокат, іс адамы, саясаткер, экономист, банкир, финансит болуы үшін қолымнан келгеннің бәрін жасаймын (қалаған мамандықтардың асты созылады).
7. Баламның келешекте атақты суретші, ұпай аралығында: (қалаған мамандықтардың асты сызылады).
8. Баламның мұғалім, дәрігер, имам сияқты тікелей халыққа қатынасты мамандықтардың біреуін меңгеруін қалаймын.
9. Менің балам тек қана ғылыммен шұғылданып, ғылыми жаңалықтар ашу үшін жаратылған.
10.Баланың мамандық таңдауы әкесінің/шешесінің мазасын алуы керек.
11.Баланың мамандық таңдауына ата – ананың екеуі де бірдей көңіл бөлуі керек.
12.Ер балалар әкесінің, қыз балалар болса шешесінің жолын қууы керек.
13.Қыз балалар мүлдем жұмыс істемеуі керек, олардың жоғарғы оқу орындарда оқуы қажет емес.
14.Баламның мамандық таңдауына тіпті араласпаймын, өйткені келешек менікі емес оныкі.
15.Балам тек қана осы күндерде қажетті деп табылатын мамандықтардан біреуін таңдауы керек, өйткені басқаларынан ешқандай пайда болмайды.
16.Балам жақын достарының таңдаған мамандығын таңдауы керек, өйткені оларға әрқашан жақын болуы керек.
17.Мамандық таңдауда сөз пайын көбінесе баламның өзіне тастаймын.
18.Жоғарғы оқу орында оқуын жеңілдету үшін үлкен ағасының (әпкесінің, туысқанының т.б.) оқитын бөлімін таңдауын дұрыс деп табамын.
19.Жергілікті университеттерінің біліміне сенбегендігімнен баламның жоғарғы білімді шетелде алуын қалаймын.
20.Университет жергілікті болсын, шетелдік болсын бәрібір, беретін білімдерінің пайдалы және жоғарғы сапада болуы жеткілікті.
21.Мен баламның кім болатындағы тақырыбында шешімге баяғыда келгенмін, оның бұл жөнінде не ойлайтындығы тіпті мазамды алмайды.
22.Біз баламызбен бірге оның келешегі туралы көп айтысып ойландық, нәтижеде оның ең жақсы қай мамандықты іске асыра алатындығы туралы шешімімізді алдық.
23.Біз баламызбен бірге оның келешегі туралы көп айтысып ойландық, бірақ дені шешімге бара алмадық.
24.Баламның мамандық таңдау тақырыбында маман біреумен сөйлесуге мұқтажы бар деп ойлаймын.
25.Балам не болса да өзі біледі, тек дұрыс жұмыс атқарып, жанұямызды ұятқа батырмаса сол жетеді.
26.Жанұямыздың экономикалық жағдайы нашар болғандығынан баламды университетке оқыта алмаймын.
27.Бала дегенің өз басына өмір сүруді үйренуі тиіс, сондықтан мектеп жасынан бастап ақша табуды білуі керек.
Бағаландыру:

1,11,17,20,22-ші сұрақтарға «иә» түрінде берілген әр жауапқа 1 ұпай қосылады.
4,5,10,12,13,14,15,16,18,19,21,23-ші сұрақтарға «жоқ» түрінде берілген әр жауапқа 1 ұпай қосылады.
2 ,3,8,9,24,25,26,27-ші сұрақтарға қандай жауап берілген болса да әр біреуіне 0,5 ұпай қосылады. 

0-7 ұпай аралығында: Сіз балаңызбен оның мамандық таңдауы тақырыбында мүлдем келісе алмайсыз, өйткені зіңізде, балңызда бір – біріңізді түсінгілеріңіз келмейді. Бұл себебі бәлкім, тек қана арамсыздағы мамандық тақырыбындағы түсініксіздік емес. Сіз ең негізі балаңыздың психологиясының қажеттіліктерінің, қабіліттерінің қандай болғанын үйреніп, тек содан кейін оның мамандық таңдауына үлесіңізді қосуыңызға болады. Шынын айтсақ, сізх балаңыз үшін қай мамандықтың сәйкес болатынын да білмейсіз. Сізге айтатынымыз, ой- қылықтарыңызды ұмытқаныңыз жөн,өйткені балаңыз әсіресе бұл кезеңде сіздің көмегіңізді қажет етеді. 
8-14 ұпай аралығында: Сіз балаңызды түсінбейсіз немесе түсінгіңіз келмейді. Сіздің ойыңызша балаңызға жарасатын мамандық оның ойынша тіпті жараспайды. Осыған байланысты араңызда ала ауыздықтар туындайды. Сіздің ойыңызша физиканы жақсы түсінетін біреу міндетті түрде адвокат немесе дәрігер емес, тек қана физик болуы керек. Осындай ойларыңыздан бас тартып, балаңыздың ой-пікірлеріне көбірек маңыз беретін болсаңыз, балаңызбен бірге тұрақты және дұрыс шешімге бара аласыз. Сізге айтарымыз, ұлыңызды немесе қызыңызды әлі кішкентай деп баласынбаңыз, оның айтқандарына құлақ түріңіз.
15-21 ұпай аралығында: Сіз балаңызыдың қажеттіліктерін білесіз және түсінесіз. Бірақ не болса да оған жәрдемші бола алмайсыз. Мүмкін бұны себебі балаңызды тым асырып қорғауыңыз және оның болашағы үшін тым көп мазасыздануыңызда. Әрине, бір ата-ана ретінде балаңыз үшін мазасыздануыңыз орынды, бірақ шегінен тыс түрде көңіл аударуыңыз балаңыздың жалығып кетуіне себеп болуы мүмкін. Сондықтан араңызда түсінбестік пайда болуы мүмкін. Өзіңіз біраз жайдарланыңыз, мәселелерге шыншыл көзбен қарауға тырысыңыз, міне сонда қалаған нәтижеге жете аласыз. Балаңыздың осы шиеленісті күндерінде ең басты серігі өзіңіз болғандығыңызды ұмытпаңыз.
22-28 ұпай аралығында: Сіз балаңызбен өте жақсы түсінесіз. Оның және өзіңіздің қалағандарыңызды да білесіз, балаңыздың болашағы туралы көптен бері онымен сөйлесіп бір шешімге барып қойғансыз. Сіз балаңыздың қасиеттеріне сәйкес бір мамандық таңдағаныңызға сенесіз. Балаңызды осындай дәрежеде жақсы таңдауыңыз өте жақсы нәрсе. Бірақ айталық нәрсе – балаңызға көбірек еркіндік танытыңыз.  








Категория: Психолог | Добавил: Bubek1 (16.04.2012)
Просмотров: 5020 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Сайтқа кіру
!здеу

Сайтты ашқан-Манас Идеятолла
Хостинг от uCoz