Дүйсенбі, 29.04.2024, 09:40
Сіздің атыңыз Гость | Дәреже "Гости" | RSS

Бар ізгілік тек білімнен алынар,Білімменен аспанға жол салынар


Сайт мәзірі
қосымша бөлім
Сауалнама
Сайтқа баға беріңіз!
Всего ответов: 576
Көрсеткіш

Сайтта отқандар: 1
Қонақтар: 1
Тіркелгендер: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Психолог

Тренингтер

1. «Танысу» ойыны 

Мақсаты: Топта жұмыс жүргізу үшін жағымды ахуал орнату, қарым - қатынысатың белсенді стилін және кері байланыс немесе алу тәсілдерін меңгеру; 
- Алдымен танысайық, біз оны былай жасаймыз: дөңгелене отырып, сағат тілі бойынша, кезек - кезек әр қатысушы өз атын және өзінің нақты сүйікті ісін айтады. Екінші ойыншы өзі туралы айтпас бұрын алғашқы адамның сөзін қайталап айтуы керек. Содан кейін өзі туралы айтады. Ал үшінші адам бірінші, екінші адамның айтқанын қайталап, сонан соң өзі жайында хабарлайды. Ойын осылай жалғаса береді. 
Талқылау: 
1. Қай ойыншының есімі, сүйікті ісі сенің есіңде жақсы сақталады? 
2. несімен жақсы сақталады деп ойлайсың? 
3. Қай қатысушыны еске түсіруі қиынға соқты? 
4. Не үшін қиын болды деп ойлайсың? 
5. Қатысушылардың сені есінде сақтай алмауы қалай әсер етті? Және т.б 
2. «Туған күн» ойыны 

Мақсаты: Жасөспірімдер ортасында қарым - қатынастың кейбір жағымсыз формаларын көрсету, коммуникативті іскерліктерін қалыптастыру және т.б. 
  Ойынның алдында жүргізуші әр қайсысына билет береді. Онда өзін қалай ұстау керектігі жайында көрсетілген, яғни қатысушылар билетте жазылған рөлде ойнауы тиіс. Билет ойынның соңына дейін құпия сақталады, тек талқылау кезінде ғана кімге не істеу керектігін айтуға болады. Егер ойынға 15-тен адам қатысса, 2 адам бір билеттен ұсынуға болады. 
Билеттегі тапсырмалар: 
1. Туған күн иесі - барлық қонақтарды әңгімеге тартуға тырысады. 
2. Білгішсымақ - кез-келген әңгімеге қыстырылуға тырысады. 
3. Таласқыш - бәрімен ерегесіп, таласады. 
4. Келісімге келтіруші - кикілжіңді басуға ұмтылады. 
5. Бәріне және барлығына көңілді толмайтын адам. 
6. Асаба - туған күн иесіне көмекші. 
7. Қызық мінезді адам - кез-келген әңгімені басқа арнаға бұруға тырысады. 
8. Әдепсіз адам. 
Ойыннан кейін талқылау жргізіледі. Туған күн кикілжіңмен аяқталуы да мүмкін. Бірақ бұл талқылау үшін жақсы, жасөспірімдердің мінез - құлқын байқауға мүмкіндік береді. 
Мақсаты: Ойын психологиялық байқағыштықты, бақылампаздықты дамытады. Ойынға қатысушылар үйден бір-бірлері жайында ертегі немесе фантастикалық әңгіме түрінде шығарма жазып келуі керек. Келесі сабақта әрқайсысы өздерінің шығармаларын оқиды, ал қалғандары кім жайында жазылғанын табады. Топта балалардың шығарма «батырын» тез табатындығын, байқау ептілігін тексереді. Шығарманың көбісі бір адам жайында жазылғанды көрсетуі мүмкін. 
Талқылау:Бір адам жайында неге көбісі жазылғандығын талқылайды: ол мүмкін қызық адам шығар. Кім жайында топта шығарма жазылмаса, бұл да жақсы тренинг болып саналады. 
. «Мен сізге жазамын.....» ойыны 
Қазір тапсырманың соңында әрқайсыларың хат аласыңдар, барлық ойыншылар түгел қатысуы қажет. Егер әуелі өз парағыңыздың оң жақ төменгі бұрышына өзіңіздің ата - жөніңізді жазып, оң жақта отырған көршіңізге бересіз. Көршіңіз өзінің қағазын өзінен кейінгі отырған ойыншыға береді. Қалғандары да сағат тілімен бір-біріне беріп отырады. Көршіңіздің аты жазылғанқолыңызда парқ бар. Оған бірнеше сөз арнаңыз. Не жазу керек? 

Ол адамға не айтқыңыз келеді, соның бәрін жазыңыз: жақсы сөз, тілек, мойындай, күмән; Бұл сурет те болуы мүмкін. Бірақ сіздің ойыңыз 1-2 фразадан тұруы керек. Сіздің жазғаныңызды басқа адам оқып қоймас үшін,сіз парағыңыздың жоғарғы жағын бүктеңіз. Содан соң бұл парақсол жақта отырған көршіңізге беріледі. Ал, сізге басқа ойыншының парағы беріледі, сіз сол параққа келесі бір адам туралы қысқа пікіріңізді жазасыз. Сіздің атыңызбенфамиляңыз жазылған өз парағыңыз өзіңізге қайтып келгенше ойын осылай жалғаса береді. Бұл хат әр қатысушының бәрін айналып шығады және әркім бұрын атқысы келіп жүргенін жазады. Ойын соңында әрқайсысы өздеріжайлы жазылған парақты оқиды. Осы хаттың нәтижесінде барлық қатысушылар бір - біріне деген эмоциялы жақсы қасиеттерменалмасады. 

Талқылау: 

1. Өзінің басқа адамдардың пікірін оқығанда қандай сезімде болдың? 

2. Қазіргі көңіл - күйіңіз қандай? Және т.б Ойын соңында психолог бұл парақта сақтап, өмірдің қиын кезеңізде қарап, еске түсіруге болатындығы жайында кеңес береді. Яғни жаныңдағы адамдар сені қалай «көңілді», «сенімді», «тәртіпті», «ойынпаз» т.б. екеніңді ойлайтынын көреміз.  






Категория: Психолог | Добавил: Bubek1 (16.04.2012)
Просмотров: 16953 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 2.7/9
Всего комментариев: 1
1 Арапова Гулайна  
0
Ойындарыныз өте қатты ұнады. Балабақшаға да арналған ойндарыныңыз болса, жариаласаңыздар екен.

Имя *:
Email *:
Код *:
Сайтқа кіру
!здеу

Сайтты ашқан-Манас Идеятолла
Хостинг от uCoz