Сенбі, 20.04.2024, 01:04
Сіздің атыңыз Гость | Дәреже "Гости" | RSS

Бар ізгілік тек білімнен алынар,Білімменен аспанға жол салынар


Сайт мәзірі
қосымша бөлім
Сауалнама
Сайтқа баға беріңіз!
Всего ответов: 576
Көрсеткіш

Сайтта отқандар: 1
Қонақтар: 1
Тіркелгендер: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Психолог

Жануарлар әдістемесі
Көптеген балаларға мектепке бейімделу қиынға соғады, Бала өзі шеше алмайтын көптеген мәселелермен кездеседі. Нәтижесінде балада мектеп неврозы пайда болуы мүмкін. Мектеп неврозын ерте диагностикалау, коррекциялау және профилактика жасау көкейтесті және маңызды мәселе болып табылады.
Бұл жағдайды диагностикалауда психолог ең алдымен психологиялық қорғаныстың әр түрлі формаларымен кездеседі. Психологиялық қорғаныс бейсаналы деңгейде қалыптасқандықтан, бұл жағдайдың мехагизмдерін жобалау әдістеменің көмегімензерттеуге болады. Мұндай әдістемелердің бірі - «Жануарлар мектебі».
Бұл әдістеме мектеп неврозы дамуының алғашқы сатысын, себебін және түзету жұмысын анықтауға мүмкіндік береді. Жақсы атмосфера және бағалау пікірінің жоқтығы баланың еш кедергісіз сурет салуына жағдай туғызады. Сонымен бірге, сурет салу бастауыш мектеп оқушыларына қызықты және дағдылы. Суретті талдауда оқу әрекеті үрдісіндегі оқушыда кездескен қиындықтарды көруге болады.
Бұл әдістемені тек мектепке бейімделу кезеңінде ғана емес, сонымен бірге үлкен жастағыларға да, яғни әртүрлі сабақтарда, оқу әрекетінде және кластастарымен және мұғалімдерімен қарым-қатынасында туындаған қиындықтарды анықтауда қолдануға болады.
Керекті жабдықтар қағаз, түрлі-түсті қарындаштар.

Алдын ала дайындық.
Жүргізуші: Қазір біз сіздермен бірге сиқырлы орманға қызықты саяхат жасаймыз. Ыңғайлы отырыңыздар, денелеріңізді бос ұстаңыздар, көздеріңді жұмыңдар. Ашық күнді орманды алқапта жүрміз деп елестетіңдер. Басымызға жапырақтар, аяғымызға жұмсақ шөптер шайқалып тиеді. Алқапта сендер «Жануарлар мектебі» деген жазуды көрдіңдер. Айналаға қараңдар! Қандай жануарлар бұл мектепте оқиды екен? Ал қандай жануар мұғалім? Сендер қандай сезімде болдыңдар? Осы сезімді ары қарай дамытыңдар. Мен онға дейін санағанша сендер біраз уақыт осы «Жануарлар мектебінде» болдыңдар. Ал енді карандаш пен қағаз алып, не көргендеріңнің суретін бейнелеуді өтінемін.
Тапсырма орындалды.
Өз суреттеріңе мұқият қарап, «мен» өзім деген жауарды тап. Оның жанына «х» немесе «в» әрпін қой.
Интерпретация.
1. Суреттің парақ бетінде орналасуы.
Суреттің қағаздың жоғары жағына жақын орналасуы өзін жоғары бағалаушылықты, ұжымдағы еркін жағдайға қанағаттанбаушылықты, айналасындағылар жағынан жеткіліксіз қызметтілікті білдіреді. Суреттің төменгі жағыны жақын орналасуы өз-өзіне сенбеушілікті, өзін төмен бағалауды білдіреді. Егер сурет ортада бейнеленсе, онда балада барлығы нормада деп есептеуге болады.
2. Фигураның контурлары.
Фигураның контурлары суреттегі шығыңқы жерлердің көріну немесе көрінбеуімен талданады. (кедергілердің, тікендердің типтері арқылы), жолды күңгірт салу — мұның барлығы қоршаған ортадан қорғану болып табылады. Егер үшкір бұрыш салса — агрессиялықты, ал егер контурлы жол күңгірт болса - қорғаныш пен мазасыздықты, тікен, қоршау қойылса — қорғаныс пен күдіктілікті білдіреді.
3. Қарындашты басып салуы.
Суреттерді бағалау кезінде басып салуының тұрақтылығына көңіл аудару керек. Ол тұрақтылықты білдіреді. Жай, әлсіз басып салу — мазасыздықтың пайда болуын, қатты басып салу — қысымды білдіреді. Мазасыздануды сонымен бірге сызықтың бөлінуі, өшіргені көрсетеді.
4. Көз, құлақ, ауыз т.б. бөлшектердің болуы.
Көздің бейнеленуі мәліметтің жағымсыздығын, құлақтың бейнеленуі (үлкен немесе әрбір бөлшегін мұқият салу) өзіне деген айналасындағы адамдардың пікіріне деген қызығушылығы. Ашық штрихталған ауыз - қорқыныштың пайда болуын көрсетеді. Тістер — вербальды агрессияның белгісі.
5. Адамдарды салу коммуникативті қарым-қатынас ерекшеліктерін білдіреді. Бір-бірімен әртүрлі қарым-қатынастағы балалар (ойнау, оқу әрекеті және т.б) және олардың араларын бөлетін сызықтың болмауы клстастар арасындағы жағымды қарым-қатынасты көрсетеді. Кері жағдайда, оқушылармен қарым-қатынас жасауы қиынға соғатынын айтуға болады.
6. Баланың бейнеленген мұғалім мен жануар арасындағы қарым-қатынас сипаты. Олардың арасында қарама-қайшылық жоқ па, соны бақылау керек. Мұғалім мен оқушы фигуралары бір-біріне деген қарым-қатынаста қалай орналасқан?
7. Оқу әрекетінің бейнеленуі.
Оқу әрекеті бейнеленбеген жағдайда баланы мектептің оқудан тыс жақтары қызықтырады. Егер оқушылар, мұғалім, оқу немесе ойын іс-әрекеті жоқ болып, жануарлар мектебін бейнелемесе онда балада оқушы позициясы әлі қалыптаспаған және өзінің мектептік міндеттерін мойындағысы келмейтінін көрсетеді.
8. Түстік гаммалар.
Ашық, өмірді қуантатын түстер баланың мектептегі жағымды эмоциялық жағдайын көрсетеді. Күңгірт, бұлыңғыр түс жағымсыз және түсіңкі жағдайды білдіреді.



Категория: Психолог | Добавил: Bubek1 (25.08.2012)
Просмотров: 8322 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 2.3/3
Всего комментариев: 1
1 Кунслу  
0
роьт

Имя *:
Email *:
Код *:
Сайтқа кіру
!здеу

Сайтты ашқан-Манас Идеятолла
Хостинг от uCoz